$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
06.05.2020, 15:05
Қоғам

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 160-қа жетті

Бүгін кен орнында коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тіркелді

Теңіз кенішінде коронавирус жұқтырғандар саны 160-қа жетті
Фото: ашық дереккөзден

Атырау облысында коронавирус жұқтырғандар 226 адамға жетті, деп хабарлайды Атырау облысындағы төтенше жағдайды қамтамасыз ету жөніндегі жедел штаб.

«Теңіз кен орнында коронавирус жұқтырған тағы 15 адам тіркелді. Олардың 10-ы ер адам, қалған 5-еуі әйел. Олар кен орнынан тұрғылықты жеріне жету үшін дайындықтан өткен жұмысшылар. Алгоритмге сай, жұмыс орнынан шығар алдында қызметкерлерден анализ алынып, нәтижесінде олардың КВИ жұқтырғаны расталды. Науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес ем алуда», - делінген хабарламада.

Науқастармен байланыста болған адамдар анықталып, барлығы медициналық бақылауға алынған.

6 мамырдағы жағдай бойынша Атырау облысында коронавирус жұқтырғандардың саны 226-ға жетті. Оның ішінде 160 адам - Теңіз кен орнындағы жұмысшылар. Ал, облыста қауіпті дерттен айығып шыққандар саны - 78.

Серіктес жаңалықтары