$ 513  541.16  4.69
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.08.2024, 07:47
Қоғам

Ақтөбеде 40 жастағы әйел жоғалып кетті

Әйел психиатриялық диспансерде есепте тұрады

Ақтөбеде 40 жастағы әйел жоғалып кетті
Фото: t.me/diapazonnews

Толғанай Молдағалиева өз үйінен шығып, қайта оралмаған. Еріктілер ақтөбеліктерден әйелді іздеуге көмек сұрайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Диапазонға сілтеме жасап.

Әйел 23 тамыз күні таңғы сағат 4-те үйінен шығып, әлі күнге дейін оралмаған.

«Ол есепте тұр, оның психикалық жағдайы нашар, бағдарды ажырата алмайды. Бұл бірінші рет жоғалуы емес, төртінші рет. Бұған дейін оны полицейлер, бейжай қарамайтын адамдар және біздің волонтерлер тауып алған еді. Бірақ қазір үш күн болды, нәтиже жоқ. Ол өзіне-өзі қызмет көрсете алмайды, өзіне өзі көмектесе алмайды! Ол жалаңаяқ кеткен», — деп мәлімдеді «Zello poisk» волонтері Екатерина Голотина.

Толғанай Молдағалиева жоғалған кезде қоңыр көйлек киген.

Егер сізде оның орналасқан жері туралы ақпарат болса, 102 немесе 8 707 881 20 98 нөміріне қоңырау шалыңыз.

Серіктес жаңалықтары