22.08.2024, 16:10
Қоғам
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры 65 млн теңге жымқырды деген күдікке ілінді
Ол қамауға алынды
Фото: Қазмұнайгаз АҚ
«Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры жемқорлық жасады деген күдікке ілінде, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оған қатысты сотқа дейінгі тергеуді Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жүргізеді.
Директор аукцион өткізбестен заңсыз сату арқылы кәсіпорынның мүлкін аса ірі мөлшерде жымқырды деп күдіктенеді. Залал сомасы 65 млн теңгеден асады.
Соттың санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу жалғасуда.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді.
Айта кетерлігі, 2023 жылы ақпанда «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС директоры қызметіне Болат Байшуақов тағайындалды.
Көп оқылған
11.11.2026, 14:42
«Осылай қартайып өтпекпіз бе?»: АҚШ-қа көшкен өскемендік ата мен әжей жаңа өмірі туралы сыр шертті (ВИДЕО)
11.11.2026, 08:34
Астанада екі оқушы қыздың өліміне қатысты жаңа деректер шықты
11.11.2026, 15:55
«Директордың күйеуі балаларды құшақтап, ұйықтатады екен»: Астанадағы жекеменшік балабақшадан дау шықты
11.11.2026, 20:33
Семейде бес күннен бері іздестірілген ер адамның мәйіті табылды
11.11.2026, 16:42
«Үйімізге 22 жыл бұрын күннің нұры келіп еді»: марқұм Нұрай Серікбайдың ағасы 11 қарашаны қарындасын еске алу күні деп бекітпек
11.11.2026, 07:21
Аяз, қар, жаңбыр: алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы жарияланды