«ИП» ашқан жалдамалы қызметкерлер неге МӘМС жарнасын екі рет төлейді

Сқақов қажет болса ұсыныстар енгізетінін айтты

«ИП» ашқан жалдамалы қызметкерлер неге МӘМС жарнасын екі рет төлейді
Фото: © istockphoto.com

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының» басқарма төрағасы Әбілқайыр Сқақов МӘМС жарнасын тұрақты жұмыс орнынан да, жеке кәсіпкерлігінен де төлеуге мәжбүр болып жүрген қазақстандықтардың мәселесін қарастыруға дайын, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қор ұйымдастырған баспасөз мәслихатында журналистер Сқақовтан жеке кәсіпкерлігі бар жалдамалы жұмысшылардың МӘМС жарнасын екі жерден төлеуі қаншалықты әділетті екенін сұрады.

«Бұл заңда қарастырылған норма. Менің білуімше, қазір азаматтар төлемдер екі жерден алынып жатыр деп шағымданып жатыр. Сол себепті мұны мұқият зерттейік. Қажеттілік болса, тиісті ұсыныстар енгіземіз», - дейді Сқақов.

Оның айтуынша, егер жалдамалы жұмысшы болып істейтін жеке кәсіпкердің жалпы табысы 10 ең төменгі жалақыдан (850 000 теңге) аспаса, МӘМС жарнасын екі рет төлеу – әділетті. Ал егер бұл шектен асып кетсе және басқалармен салыстырғанда жарнаны көбірек төлесе, онда бұл әділетсіз.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.