17.08.2024, 04:00
Қоғам
Оралда мұғалімді өлтірген күдіктінің ісі сотқа берілді
Сот алдында бұрын сотталған қала тұрғыны жауап береді
Фото: istockphoto.com
Қылмыстық іс 12 тамыз күні мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотқа түсті. Айыпталушы — Орал қаласының бұрын сотталған тұрғыны. Оған бастауыш сынып мұғалімі Надежда Никитинаны өлтірді деген айып тағылуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.
Іс судья Асланбек Дүйсенғалиевтің төрағалығымен қаралады. Алдын ала тыңдау күні әлі белгісіз.
Естеріңізге сала кетейік, бастауыш сынып мұғалімі 25 сәуірде өз пәтерінде өлі күйінде табылған болатын. Күдікті оқиға ізін суытпай ұсталды.
Марқұм 40 жыл бойы бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарған.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды