Айналымнан 250 мыңнан астам контрафактілік өнім шығарылды

Молдатай Сымбат

Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде шамамен 10 млн теңге өндірілді

Айналымнан 250 мыңнан астам контрафактілік өнім шығарылды
Фото: Әділет министрлігі

Жыл басынан бері азаматтық айналымнан 250 мыңнан астам контрафактілік өнім алынды. деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Әділет вице-министрі Ботагөз Жақселекованың мәліметінше, жыл басынан бері 138 тексеру жүргізіліп, бұзушылықтар анықталды, 133 іс сотқа берілді, 111 субъект әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Мемлекет кірісіне айыппұл түрінде шамамен 10 млн теңге өндірілді. Азаматтық айналымнан 250 мыңнан астам контрафактілік өнім шығарылды.

Мәселен, Алматы қаласындағы тексеріс кезінде әділет органдары көтерме сауда базарларының бірінде «LEGO» тауар белгісімен белгіленген контрафактілік өнімді сату фактісін тоқтатты. 3 мыңнан астам контрафактілік өнім анықталды. Кінәлі тұлғалар әкімшілік жауапкершілікке тартылды, контрафактілік өнім жойылды.

Азаматтық айналымнан шығарылатын контрафактілік өнімдердің тізімі өте кең: тұрмыстық заттар, киім, тұрмыстық химия, автомобильдерге арналған қосалқы бөлшектер, гаджеттердің барлық түрі, сонымен қатар балалар ойыншықтары мен тамақ өнімдері.

«Жалған өнімдерде, көбінесе, токсиндер, аллергендер, канцерогендер, пестицидтер, ауыр металдар, гормондар, антибиотиктер және т.б. сияқты зиянды немесе тыйым салынған заттар болады. Көрсетілген сипаттамаларға, сапа және қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін өнімдерді пайдалану улануға, аллергиялық реакцияларға, ағза мүшелері мен жүйелерінің бұзылуына, созылмалы немесе емделмейтін аурулардың пайда болуына әке п соқтыруы мүмкін. Құқық бұзушы тауардың сапасына жауап бермейді, бұл тауар белгісінің иесіне елеулі зиян келтіруі мүмкін. Әділет, мемлекеттік кірістер органдары, соттар және құқық қорғау органдары зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде қажетті шаралар қабылдайды. Жұмыс жалғасады», – деп түйіндеді Әділет вице-министрі.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.