$ 504.34  556.34  5.97
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

СҚО-да балалар арқылы бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды

Айыртау ауданындағы балабақша қызметкерлері сотталды

СҚО-да балалар арқылы бюджет қаражатын жымқырғандар ұсталды
Фото: freepik.com

СҚО Айыртау аудандық соты мемлекет қаражатын жымқырған балабақша қызметкеріне қатысты сот үкімін шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Аудандағы балабақшаның бірінде қызметкерлер мектепке дейінгі ұйымға іс жүзінде бармайтын балаларды тіркеу арқылы бюджет қаражатын заңсыз алған. Бұл әрекеттердің барлығы соңғы 3 жылда, 2021-2024 жылдар аралығында, жасалған.

Сонымен қатар, тексеру барысында өрт қауіпсіздігі, санитарлық нормалар, балалардың интернет желісінде тыйым салынған ақпаратқа қол жеткізуі және т.б. салаларда бірқатар бұзушылықтар анықталды.

«Анықталған заң бұзушылықтар бойынша қадағалау актісі енгізіліп, кінәлілер түрлі жауапкершілікке тартылды. Мектепке дейінгі ұйым қызметкері 3 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды», - деп хабарлады прокуратура.

Айыртау аудандық прокуратурасы аудандық білім бөлімінің қызметкерлеріне қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруда.

Серіктес жаңалықтары