Мұғалімдер жиынтық бағалау туралы неге үнсіз қалуды қаламайды?

Автор: Azattyq Rýhy

Мектеп мұғалімдерінің жанайқайы Парламент Мәжілісі отырыстарының күн тәртібінде талқылануда. Қазақстандық шенділер оқытушылардың жиынтық бағалау тапсырмаларын құрастыруға жұмсайтын уақытын қалай үнемдеуге болатынына бас қатырып жатыр

Бүгінде оқушылардың студенттер сияқты бос уақыты жоқ. Өйткені олар үнемі бөлім, тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын жазудан қолдары тимейді деп есептейді ата-аналар.

«Маған ата-аналардың айтуынша, қазақстандық оқушылар БЖБ-дан ТЖБ-ға дейін «өмір сүреді». Бір мұғалімнің пән бойынша жиынтық тапсырламаларын құрастыруына 2-2,5 сағат уақыты кетеді екен. Егер ол оқытушының бір күнде түрлі  сыныпқа сабағы болса, 6-7 сағаты жұмсалады», -деп ҚР Парламент Мәжілісі төрағасының орынбасары Гулмира Исимбаева ата-аналар шағымын жеткізді.

Алайда Министр Асхат Аймағамбетов «көш жүре түзелетініне» барша мұғалімдер мен ата-аналарды сендіріп келеді. Сондай-ақ еліміздің бас ұстазы келесі жылдың қаңтар айынан бастап, мұғалімдердің жалақысына 25 пайыз ақы қосылатыны туралы хабарлады.