70 мың теңге пара алған полицейге 5 млн теңге айыппұл салынды
Тәртіп сақшыларының ашкөздігін Жемқорлыққа қарсы агенттік әшкерелеген
Нұр-Сұлтан қаласының сотының үкімімен қалалық ПД-ның жол-патрульдік қызметінің инспекторы полиция капитаны К.Н. Досханов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.
Cотталушы жеке компанияның өкілін алдап бұрын келісілген 4 мың АҚШ долларының 390 мың теңгесін заңсыз иемденген. Сондай-ақ, Өзбекстан Республикасының 19 азаматын жауапкершіліктен босатқаны үшін көші-қон қызметінің лауазымды тұлғаларына ақша берді деген күдікке ілінген болатын.
ПД арнайы баталонының инспекторы полиция лейтенанты Д.С.Салкимбаев сотталды, ол азаматты әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін 100 мың теңге көлемінде пара алған, оған параның 30 есе сомасы мөлшерінде айыппұл салынды.
Бурабай аудандық соты қылмыстық жауапкершіліктен босату үшін 70 мың теңге пара алған Ақмола облысы ПД аудандық полиция бөлімі жедел-криминалистика бөлімшесінің жедел уәкілі полиция капитаны А.Б.Тен 4 млн. 900 мың теңге мөлшерінде айыппұл түріндегі жазаға тартылды.
Петропавл қалалық соты жүргізушілерден бірнеше рет пара алған қалалық ПБ-ның батальон полицейлері аға сержант П.В. Кузьминых және полицияның кіші сержанты Т.Е. Хисамутдинов кінәлі деп танылды. Олардың әрқайсысы 7 жылға бас бостандығынан айырылды.
Жоғарыда аталған полиция қызметкерлері мемлекеттік қызметте лауазымды қызметпен айналысу және арнайы атақ-шендер алу құқығынан өмір бойына айырылды.