$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.10.2019, 00:08
Қоғам

Асхат Аймағамбетов: «Көш жүре түзеледі»

ҚР Білім және ғылым Министрі Асхат Аймағамбетов еліміздің мектептеріндегі бағалау жүйесінің әлі де шала тұстары бар екенін мойындады.

Асхат Аймағамбетов: «Көш жүре түзеледі»

«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың алдын ала қорытындылары туралы» тақырыбындағы отырысында Аймағамбетов ата-аналардың қалыптастырушы және жиынтық бағалау туралы мазалап жүрген сұрақтарына жауап берді.

«Бұдан былай жиынтық бағалау тапсырмаларын сақтаудың қажеттілігі жоқ. Өйткені оларды жылдар бойы сақтауға мектептің сөрелері де жетпейді. Көш жүре түзеледі. Осы тұрғыдан қарағанда, бағалау жүйелері бойынша қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде және бағалауды жаңарту жұмысын педагог әріптестермен бірге қолға алдық»,-деп мәлімдеді Министр.

Ата-аналар  білім саласындағы жаңашылдықтар күдік пен қорқыныш сезімін тудырып жатқанын жеткізді. Баласы үшін алаңдаған олар көптілділік пен қосымша пәндердің көбеюі, керісінше негізгі пәндердің жоғарғы сыныптардың бағдарламасынан қысқартылуы сияқты тоқтаусыз өзгерістер туралы сұрақтарға жауап сұрады.

«Білім жүйесі тұрақталды деп айта аламын. Біз бағалау жүйесін қайтадан жаңадан енгізбейміз, әріптестеріміз тап болған қиындықтарды зерттей келе, оқулықтар мен бағдарламаларды қайта қарастыратын боламыз», -деп түсіндірді А.Аймағамбетов.

Сондай-ақ, жиын барысында Министр әлемдік тәжірибеде кең қолданылып келе жатқан «Нome scholling» бағдарламасының Қазақстанда әлі жұмысын бастамағанын, болашақта зерттеуді қажет ететін пилоттық жоба ретінде қолданылуы мүмкін екендігін жеткізді.

Серіктес жаңалықтары