Сотталған экс-вице-министр ісі бойынша «Шевченковское» кен орны мемлекетке қайтарылды
Қостанай облысындағы кен орны – никель мен кобальттың ірі қоры бар бірегей мекен

Лауазымдық өкілеттіктерін теріс пайдаланғаны үшін сотталған Индустрия және инфрақұрылымдық даму экс-вице-министрі Тимур Тоқтабаевқа қатысты қылмыстық іс бойынша мемлекет пайдасына «Шевченковское» кен орны берілді деп хабарлайды Azattyq Rýhy Антикорға сілтеме жасап.
«Шевченковское» – Қостанай облысындағы құны 5,6 трлн теңгеден асатын никель мен кобальттың ірі қорлары бар бірегей кен орны.
Еске салайық, бұрынғы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Тимур Тоқтабаев «Шевченковское» кен орнын барлау сылтауымен аффилиирленген тұлғаларға аукционсыз заңсыз бергені үшін 7 жылға сотталды. Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық соты лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланғаны үшін Тоқтабаеты кінәлі деп тапты.