Астанада 3 адам Достық көшесі және Мәңгілік ел даңғылында жер телімін иемденіп алған

Молдатай Сымбат

Үш шаруашылық субъектісіне тексеріс жүргізілді

Астанада 3 адам Достық көшесі және Мәңгілік ел даңғылында жер телімін иемденіп алған
Фото: istockphoto.com

Астанада Достық-Түркістан-Сығанақ көшелері мен Мәңгілік Ел даңғылының алаңындағы мемлекет меншігіндегі жер учаскелерін 3 адам бөгет орнату арқылы өз бетімен иеленіп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Астана қаласының Жер ресурстарын басқару департаментімен келіп түскен өтініш негізінде 3 шаруашылық субъектісіне тексеріс жүргізілді.

«Тексеру барысында бұзушылар ҚР Жер кодексінің 44-2-бабының 19-тармағын бұза отырып әрекет еткені анықталды, яғни аталған бапқа сәйкес Қазақстан Республикасының жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеусіз жер учаскесін пайдалануға жол берілмейді», - деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз орталығы.

Осы норманы сақтамау жер учаскесін өз бетінше иеленіп алуды білдіреді. Заң бұзушылық 1 ай мерзімде жойылуы тиіс. Жалпы сомасы 2 300 600 теңге көлемінде айыппұл салынды.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.