Көкшетаулық 71 жастағы зейнеткер алаяқтарға 10 млн теңге аударған

Azattyq Rýhy

Полиция қызметкерлері бұл қаражаттың кейін шетелде шешіліп алынғанын анықтады

Көкшетаулық 71 жастағы зейнеткер алаяқтарға 10 млн теңге аударған
Фото: freepik.com

Интернет алаяқтардың құрбаны болған 71 жастағы Көкшетау қаласының тұрғыны жеке жинақтарын алаяқтардың есепшотына аударып жіберіп, 10,5 млн теңгеден астам қаражатынан айырылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Петропавловск.news-ке сілтеме жасап.

Алаяқтық дерегі бойынша полиция қызметкерлері алдын ала тергеу жұмыстарын бастады. Белгілі болғандай, 5 тамызда зейнеткердің телефонына өзін құқық қорғау органының қызметкері ретінде таныстырған белгісіз адам қоңырау шалып, оның есепшотынан үшінші тұлғалар ақша шешіп алмақ болғанын хабарлаған.

Кейін тағы бір қоңырау түскен, бұл жолы өзін банк қызметкері ретінде таныстырған адам ақмолалық тұрғынды алдауды жалғастырып, оны алаяқтық шабуылдардан қорғайтын бағдарлама орнатуға көндірген. Шын мәнінде бұл бағдарлама қашықтан есепшотқа қол жеткізуге мүмкіндік беретін қосымша болып шықты. Алаяқтардың барлық нұсқауларын орындап, әйел адам қосымшада тіркеліп, өзінің барлық жинақтарын, яғни 10,5 млн теңгеден астам қаражатты банк есепшотына аударған.

Полиция қызметкерлері бұл қаражаттың кейін шетелде шешіліп алынғанын анықтады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.