$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Абай облысы полиция департаментіндегі басқарма басшысы сотталды

Мың доллар пара алып, 4 жылға сотталды  

 

Абай облысы полиция департаментіндегі басқарма басшысы сотталды
Фото: t.me/egovpress

1000 АҚШ доллары көлемінде пара алған Абай облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаеваға қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сонымен қатар, пара беруші – Семей қаласы ПБ Көші-қон қызметі бөлімінің инспекторы А. Нұрахметова мен делдал Абай облысы полиция департаменті Көші-қон қызметі басқармасының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Р. Садықов та сот алдында жауап берді.

«Дөненбаева Нұрахметованы атқаратын лауазымына тағайындағаны үшін Садықова арқылы 1 000 АҚШ доллары көлемінде пара алған. Дөненбаева 4 жылға, Нұрахметова 3 жылға, Садықов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар сотталғандар арнаулы атақтардан және мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде лауазымдарды атқару құқығынан айырылды», - делінген Семей қаласы №2 сотының баспасөз хабарламасында.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары