Заңсыз жер телімдері: Шымкентте қызметін асыра пайдаланған ХҚКО қызметкерлері сотталды
Олардың әрекетінен мемлекетке 50 млн теңге залал келді
Шымкентте жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткен, салдарынан мемлекетке 50 миллион теңге шығын келтірген 2 адамға қатысты үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ жергілікті филиалында жұмыс істеген қызметкерлер.
Қылмыстық кодекстің 206-бабының 3-бөлігінде және 190-бабының 4-бөлігінде көзделген қылмыстарды жасағаны үшін олар кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сондай-ақ коммерциялық ұйымдарда басшы лауазымдарды атқару құқығынан 5 жылға айырылды.
«Тергеу барысында сотталған адамдардың мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде мәліметтерді өзгерту арқылы Шымкент қаласының жер телімдерінің шекарасын заңсыз көшіріп, өзгерткені анықталды. Олардың қылмыстық әрекетінен мемлекетке келтірілген залал 50 млн. теңгеден астамды құрады», - деп хабарлады ҰҚК баспасөз қызметі.