28.09.2023, 12:00
Қоғам
Абай облыстық Полиция департаменті көші-қон қызметі басқармасының бастығы ұсталды
Ақпаратты Антикор растады
Фото: t.me/egovpress
Әлеуметтік желілерде Абай облысы көші-қон қызметі басқармасының басшысы Гүлвира Дөненбаева ұсталғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.
«27 қыркүйекте Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет делдал арқылы 1000 АҚШ доллары көлемінде қаражатты алып жатқан жерінде облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығы Гүлвира Дөненбаеваны ұстады», – деп хабарлады egovpress Telegram арнасы.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі бұл ақпаратты растады.
«Абай облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет облыстық полиция департаментінің көші-қон қызметі басқармасының бастығын ұстады», – деп хабарлады департаменттен.
Көп оқылған
26.10.2026, 06:16
Алматыда екі аптаға жуық іздестірілген 42 жастағы ер адам өлі табылды
26.10.2026, 14:00
Түркияда қазақстандық бойжеткен биіктен құлап қаза тапты: СІМ
26.10.2026, 07:22
Тұман, шаңды дауыл, көктайғақ: 26 қазанға арналған ауа райы болжамы
26.10.2026, 17:02
Жезқазғанда екі мас жүргізуші жолда жарыс ұйымдастырған (ВИДЕО)
26.10.2026, 12:11
Астанада қонақүй кешенінде өрт шығып, 60 адам эвакуацияланды
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды