Абиба Әбужақынова: Халықтың қолдауы маған күш пен сенімділік береді

Azattyq Rýhy

Спортшы бір айдан кейін бәрін сараптап, алдағы жарыстарға дайындалмақ

Абиба Әбужақынова: Халықтың қолдауы маған күш пен сенімділік береді
Фото: Olympic.kz

Қазақстанның дзюдодан әйелдер құрамасының көшбасшысы және Париждегі Олимпиада ойындарының қатысушысы Абиба Әбужақынова жарыстан кейінгі эмоциясымен және алдағы жоспарларымен бөлісті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Спортшы халықтың, әлеуметтік желі қолданушыларының және тіпті көшедегі кездейсоқ жолаушылардың жылы қолдауы үшін алғыс білдірді.

«Халықтың қолдауын қатты сезініп жатырмын. Дзюдоны үзбей көріп жүргендер бұған дейін халықаралық жарыстарда құраманың туын жықпай, жалғыз жүлдегер болып оралған сәттерімді еске салып, барынша демеп жатыр. Осының бәрі спортшыға қосымша қуат, болашаққа сенім сыйлайды екен. Бір айдан кейін бәрін сараптап, алдағы жарыстарға дайындалсам деп отырмын. Олимпиада ойындарынан кейін жылдам ес жиып, алдағы жоспарымды пысықтауыма осы халықтың ықыласы көп көмектесіп жатыр», - дейді спортшы.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.