Ақтауда полицейлер бейнежазбаның бар болғанына қарамастан ұрыны таба алмауда
Зардап шегуші тұрғындардан көмек сұрады
Шілде айының басында сауда орталығының сатып алушысы асығыс кезінде кассада телефонын ұмытып кеткен, кейін оны бөтен адам ұрлап кеткен. Смартфонның иесі полицияға арыз бергенімен, бүгінге дейін гаджет табылмады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Lada.kz-ке сілтеме жасап.
Телефон иесінің айтуынша, оқиға 6 шілде күні кешке «Астана» сауда ойын-сауық орталығында, «Altyn Food» супермаркетінде болған. Бөгде мүлікті иемденіп алған адам телефонды бірден өшіріп тастаған. Қоңырау шалу мүмкін болмаған.
Смартфонның бұрынғы иесі барлық дәлелдерді, атап айтқанда, супермаркетте орнатылған бақылау камераларынан алынған фото және видеоны ұсынған.
Оның айтуынша, оқиға болғаннан бері бір айдан астам уақыт өтсе де, полиция онымен байланысқа шықпаған.
«Сонда мұндай адамдар камера алдында жазасыз жүріп, арсыздықпен ұрлық жасай ала ма? Бізге ондай полиция не үшін керек?» - деп ашынады ер адам.
Зардап шеккен азамат Ақтау тұрғындарынан күдіктінің жеке басын анықтауға көмек көрсетулерін сұрайды.