08.08.2024, 17:31
Қоғам
Психотроптық заттар айналымын ұйымдастырған күдікті Арменияда ұсталды (ВИДЕО)
Күдікті Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды
Аса ірі көлемде психотроптық заттардың заңсыз айналымы үшін іздеуде жүрген азамат Армениядан экстрадицияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ол былтыр қыркүйек айында Ереванда ұсталды. ҚР Бас прокуратурасының сұрауы бойынша Қазақстанға экстрадицияланды.
Қостанайлық полицейлер альфа-ПВП психотроптық затының және сол тектес мефедронның заңсыз айналымына қатысты күдіктіні әшкереледі. Алайда ол тергеуден жасырынып, қашып кеткен. Күдіктіні іздеп табу үшін халықаралық іздеу жарияланған.
Қазір ол Ақтау қаласындағы тергеу изоляторына қамалды.
Айыпталған қылмысты жасағаны үшін 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды