$ 521.9  593.5  6.39
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Министр Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты

Ерден Хайруллин бүгін Парижде қайтыс болды

Министр Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты
Фото: Алматы спорт басқармасы/gov.kz

Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты көңіл айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Рашидұлы Хайруллиннің мезгілсіз қайтыс болғаны туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдадым. Бұл Қазақстан спорт қауымдастығы үшін орны толмас қаза. Ерден Рашидұлы спортты дамытуға және жас спортшыларды тәрбиелеуде өлшеусіз үлес қосты. Марқұмның отбасына, туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын», - деді Ермек Маржықпаев.

Алматы әкімі Ерболат Досаев Парижде Ерден Рашидұлының мезгілсіз қазасына қайғырып, көңіл айтты.

«Ерден Рашидұлы ұзақ жыл бойы мемлекеттік қызметте жемісті еңбек етіп, керемет басшы, жақсы ұйымдастырушы әрі жоғары деңгейдегі кәсіби маман болды. Оны әріптестері қарапайымдылығы, іскерлік қасиеті және адамгершілігі үшін жоғары бағалады. Ол спорттың дамуына және жас спортшыларды тәрбиелеуге үлкен үлес қосты. Біз үшін бұл орны толмас қаза, марқұмның жарқын бейнесі әрдайым жүрегімізде сақталады», – деді Ерболат Досаев.

Қала басшысы Ерден Хайруллиннің отбасына, туыстары мен жақындарына қолдау білдіріп, шын жүректен қайғырып, көңіл айтты.

Ерден Хайруллин бүгін Парижде қайтыс болды. Оның жүрегі тоқтап қалған.

Серіктес жаңалықтары