08.08.2024, 13:45
Қоғам
Парижде Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды
Оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған
Фото: Алматы қаласы Спорт басқармасы/gov.kz
Парижде өтіп жатқан Олимпиада ойындарына келген Алматы қалалық спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин қайтыс болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл ақпаратты ҚР Туризм және спорт министрілігі де растады.
Алдын ала ақпарат бойынша, оның кенеттен жүрегі тоқтап қалған.
Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Хайруллин Ерден Рашидовұлының кенеттен қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына көңіл айтамыз, - деп жазды Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметі.
Ерден Рашидұлы Алматы қалалық спорт басқармасын 2022 жылдың мамыр айынан бері басқарады. Оған дейін Алмалы ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.
Көп оқылған
06.10.2026, 09:05
Қазақстанда оба қай жылдары тарады: «қара індет» бүгінге дейін қанша адамның өмірін жалмады
06.10.2026, 16:24
Астанада Talan Towers қонақүйінің шатырынан заттар құлап, бірнеше көліктің быт-шытын шығарды (ВИДЕО)
06.10.2026, 21:27
Алматыдағы пәтерлердің бірінен ер адамның денесі табылды
06.10.2026, 22:44
Оба індеті: Ресей ДДСҰ-ға маңызды мәлімдеме жасады
06.10.2026, 20:21
Қайтадан қар жауып, үсік түседі: 7 қазанға ауа райы болжамы