$ 515.18  570.66  6.06
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Павлодар облысында 124 жол апаты тіркелді: 2 бала қаза тапты

Бұл – соңғы жеті айдағы көрсеткіш

Павлодар облысында 124 жол апаты тіркелді: 2 бала қаза тапты
Фото: istockphoto.com

Павлодар облысында биыл балалардың қатысуымен 124 жол-көлік оқиғасы тіркелді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның 77-сі Павлодар қаласында болған. Апат салдарынан, 2 бала қаза тауып, 145 бала жарақат алды.

«Әр санның артында ата-аналар мен балалардың көз жасы тұр. Көбінесе ересектер баланың көз алдында жол ережелерін бұзады, балалар ересектердің тәртібін қайталайтынын ұмытады. Балаларда әлі де жолдарда жүріс-тұрыстың берік практикалық дағдылары жоқ. Оқиғалардың 70%-ында балалар жол-көлік оқиғасына кінәлі жаяу жүргінші ретінде жарақат алады. Кейбір жасөспірімдер достарының алдында хайп үшін қозғалатын көліктің алдына жүгіреді», – деп, себептерін атады Павлодар қаласы ПБ патрульдік полиция батальоны командирінің міндетін атқарушы Максим Кустанов.

Соңғы уақытта кәмелетке толмағандар мотоцикл, скутерлерді айдауды әдет еткен. Бұл да жол апаты фактілерінің көбеюіне себеп.

Серіктес жаңалықтары