02.08.2024, 21:00
Қоғам
Өскеменде хоккей командасының қақпашысы жаттығу кезінде өзін нашар сезініп, ауруханада көз жұмды
Ол шұғыл түрде ауруханаға жеткізілген
Фото: oskemen_insta
Бүгін Өскемендегі спорт сарайында «Торпедо» жастар хоккей командасының қақпашысы Иван Пыленок өзін нашар сезініп, дереу жедел жәрдем шақыртылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дәрігерлер спортшыға қажетті медициналық көмек көрсетіп, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізді. Өкінішке қарай, барлық қолданылған шараларға қарамастан, Иванның өмірін сақтап қалу мүмкін болмады.
«Торпедо» хоккей клубы Иванның туыстары мен жақындарына шын жүректен көңіл айтады. Біз оны талантты, амбициялы және жарқын спортшы ретінде мәңгі есте сақтаймыз. Бұл барлығымыз үшін орны толмас қайғы», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
07.10.2026, 16:45
Қазақ ғалымдары шұжықтың ішіндегі ит пен мысық, тышқан мен шошқаның етін лезде анықтайтын тест ойлап тапты
07.10.2026, 11:58
Тоқаев қорғаныс министрінің тағы бір орынбасарын жұмысынан қуды
07.10.2026, 10:58
Миллиардтаған ақшаны ысырап етпек болған: Қазақстан жолдарын жөндеу кезіндегі былықтың беті ашылды
07.10.2026, 13:46
Алматыда ер адам бұрынғы сүйіктісін интимді суреттеріңді таратып жіберемін деп бопсалаған (ВИДЕО)
07.10.2026, 09:48
Қазақстанда алдағы бірнеше күнде ауа райы 27 градусқа дейін жылынады