$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қытайдағы қазақ қызы Астанаға велосипедпен келе жатыр (ВИДЕО)

Сапарының мақсаты - қытай-қазақ достастығына үлес қосу 

Қытайдағы қазақ қызы Астанаға велосипедпен келе жатыр (ВИДЕО)
Фото: Бүрленнің жеке мұрағатынан

Бүрлен есімді 20 жастағы бойжеткен Қытайдың Үрімжі қаласынан Астана қаласына велосипедпен жолға шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүрлен Қытайдағы Дөрбілжің қаласының тумасы. Ол қытай-қазақ арасындағы ынтымақтастықты қолдау мақсатында сапарға шыққан. Бойжеткен кеше Жаркент қаласына жеткен, енді Алматы жаққа жолға шығып барады.

«Дәл қазір мен Қорғастамын, негізгі мақсатым – Астанаға жету. Жолдың жалпы ұзындығы 2000 шақырымнан асады», - дейді ол.

Оның жолға шыққанына бүгін сегіз күн болған. 

«Менің бұл жолғы сапарымның мәні –  «Бір белдеу, бір жол» бастамасын Қазақстанға өз тарапымнан насихаттау. Қазақстан бастаманы қолдаған алғашқы мемлекет. Соңғы жылдары екі ел арасындағы ынтымақтастық тереңдей түсуде. Сауда-саттық алмасулар жаңа жылдамдықпен қарқын алды. Екі ел арасындағы достық мәңгілік болсын деп тілеймін!», - деді қазақ қызы.

Ол тамыздың 15-іне дейін Астанаға жетуді жоспарлап отыр. 

Серіктес жаңалықтары