Ұлықбек Смановтың ісі: Астана, Алматы және Шымкенттің білім басқармалары тергеліп жатыр
Оның айтуынша, тергеу әлі аяқталмаған

Оқу-ағарту министрлігі балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Насымжан Оспанова Орталық коммуникациялдар қызметінде өткен брифингте Шымкенттегі емші Ұлықбек Сманов асырап алған балалардың жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бұл оқиға елді дүрліктірген еді. Соттың шешімі бойынша бала асырап алған адам мәжбүрлі түрде жындыханада жатыр. 6 баланың барлығы балаларды қолдау орталығына оралды. Қылмыстық іске келетін болсақ, ол әлі аяқталған жоқ. Тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім беру басқармасының әрекетіне қатысты тексеру жүріп жатыр. Сондай-ақ осы өңірлердің қамқорлық жасау және асырап алу қызметіне қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Сондықтан оның нәтижесін күтеміз», - деді Насымжан Оспанова.
Еске салсақ, Ұлықбек Сманов 6 жетім баланы асырап алып, оларға мысықтың етін жегізіп қорлап, зорлық-зомбылық жасаған еді.