Дене шынықтыру мұғалімі – 2 жыл қатарынан ТОП үштік мамандық тізімінде

Azattyq Rýhy

Түлектер өз таңдауын жасады

Дене шынықтыру мұғалімі – 2 жыл қатарынан ТОП үштік мамандық тізімінде
Фото: freepik.com

Елімізде жоғары оқу орнында білім алу үшін 112 мың грант, соның ішінде бакалавриатқа 79 мыңға жуық грант бөлінді. Қоғамдық саясат институты түлектер ең көп таңдаған мамандықтар тізімін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Білім грантын тағайындау конкурсына құжат 24 шілдеге дейін қабылданды. Биыл 186 мың түлек мектеп бітірген болса, оқу грантына 104 мыңға жуық өтініш түсті.

Өтініш саны көп түскен ТОП-15 білім бағдарламасы:

  1. Ақпараттық технологиялар — 11 752;
  2. Дене шынықтыру мұғалімдерін даярлау — 5 463;
  3. Шет тілі мұғалімдерін даярлау — 4 707;
  4. Медицина — 4 023;
  5. Қала құрылысы, құрылыс жұмыстары және азаматтық құрылыс — 2 705;
  6. Сәулет — 2 528;
  7. Электр техникасы және энергетика — 2 406;
  8. Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау — 2 377;
  9. Психология — 2 351;
  10. Биологиялық және сабақтас ғылымдар — 2 292;
  11. Аударма ісі — 2 151;
  12. Менеджмент және басқару — 2 084;
  13. Электр техникасы және автоматтандыру — 1 874;
  14. Туризм — 1 718;
  15. Құқық — 1 697.

«Дене шынықтыру және шет тілі мұғалімі ең сұранысқа ие мамандықтың бірі болып қала бермек. Былтыр дене шынықтыру мұғалімдерін даярлауға — 5377, шет тілі мұғалімдерін даярлау бағдарламасына — 3862 өтініш түскен», - деп қорытындылады институт.

Жалпы конкурс нәтижесі 10 тамызға дейін жарияланады.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.