$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
26.07.2024, 11:30
Қоғам

7 лауазымды адам жұмыстан қуылды: мас полицей қағып өлтірген ерлі-зайыптылар велосипед теуіп келе жатқан

Күдікті қамауға алынды

7 лауазымды адам жұмыстан қуылды: мас полицей қағып өлтірген ерлі-зайыптылар велосипед теуіп келе жатқан
Фото: freepik.com

Ақтөбе полициясы қайғылы оқиғадан кейін бірден жеті қызметкерді жұмыстан шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ішкі істер органдарының 34 жастағы қызметкері Ақтөбе облысында ерлі-зайыптыны қағып өлтірді. Қайғылы оқиғадан кейін жол-көлік оқиғасына қызметтік тексеру жүргізілді.

Полиция қызметкері үйлену тойынан кейін мас күйінде Kia көлігін басқарған. Салдарынан 25 және 26 жастағы ерлі-зайыптыны қағып өлтірген. Анықталғандай, 23 шілдеде шамамен сағат 00.50-де «Kia» автокөлігінің жүргізушісі Ақжар-1 ауылының маңындағы айналма жолмен жүріп келе жатып, жолаушысы бар велосипедшіге соқтығысқан.

Ақтөбе облысының полиция департаменті редакцияға сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

«Қызметтік тексеру жүргізілді, нәтижесінде 7 жауапты қызметкер, оның ішінде тікелей басшылар да өз лауазымдарынан айырылды», - деп хабарлады ПД баспасөз қызметі. 

Күдікті қамауға алынды.

Серіктес жаңалықтары