Павлодарда ақпараттық технология көмегімен алаяқтық жасаған 795 адам ұсталды
Алаяқтар әлеуметтік желілерде күшейе түскен

Павлодар облысында мыңға жуық алаяқтық тіркелген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Олар азаматтардың ақшасын алу үшін қандай әдістерді жиі қолданатыны туралы жедел уәкілдер айтты.
«Полиция жүргізіп жатқан іс-шараларға қарамастан, облыс тұрғындары интернет-алаяқтықтың құрбаны болуда. Бүгінгі таңда өңірде 1009 алаяқтық тіркелген, оның 795-і ақпараттық технологиялардың көмегімен жасалған», – деді Павлодар облысы ПД криминалдық полиция бастығының міндетін атқарушы Жасұлан Танжанов.
Ең көп таралғандарына жалған жарнамалар Olx.kz, Krisha.kz, Kolesa.kz, сондай-ақ Қытайдан төмен бағамен заттарды сату сылтауымен What’s Aрp әлеуметтік желісіндегі жалған аккаунттар жатады.
Тәртіп сақшылары азаматтардан банк қызметкерлері, құқық қорғау органдары ұсынатын белгісіз тұлғалардан қоңырау түскен жағдайда қырағы болуды, дүрбелеңге түспеуді, бірақ банк және құқық қорғау органдарының тексерілген және сенімді телефондарына қоңырау шалуды сұрайды.