Әлеуметтік даму қоры 13 медқызметкерге ноутбук сыйлады
Ноутбуктер Қарасай аудандық орталық аурухана қызметкерлеріне берілді
Алматы облысы Қарасай аудандық орталық аурухананың 13 қызметкеріне Әлеуметтік даму қоры 13 нотбук берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі.
Шара дәрігерлер мен олардың отбасына қолдау көрсету мақсатында Назарбаев университетімен бірлесіп ұйымдастырылды. Ноутбуктер көпбалалы отбасылар мен мүгедек бала тәрбиелеп отырған мейірбике, фельдшер және санитарларға табысталды.
«Ноутбуктер әлеуметтік жағдайы төмен, үйінде көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға берілді. Қазіргі пандемия кезінде оқушылар қашықтан оқып жатқаны белгілі. Сондықтан Әлеуметтік даму қоры мен Назарбаев университетінің аурухана қызметкерлеріне қолдау көрсеткені үшін алғысымызды білдіреміз», - деді аталған аурухана директорының орынбасары Марат Ақылбаев.