Павлодарда жаз басталғалы 10 адам суға кеткен
Оның қатарында 2 бала бар

Павлодарда жаз басталғалы 10 адам суға кеткен. Олардың екеуі – бала, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ертістің Павлодар өңіріндегі су айдындарында 47 жағажай ресми түрде жұмыс істеп тұр. Олардың 27-сі - коммуналдық меншіктегі жағажайлар.
Өңірлік төтенше жағдайлар департаменті мамандарының айтуынша, тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстары тұрақты жүргізілгеніне қарамастан, жазатайым оқиғалар саны азаймай тұр.
«Адамдардың суға кету оқиғаларына көбіне арнайы жабдықталмаған орындарда шомылуы себеп болады. Мәселен, 20 шілде күні Павлодар қаласында 1973 жылғы ер адам Ертіс өзенінің шомылуға тыйым салынған жерінде суға түсіп, қайғылы жағдайға тап болды. Куәгерлердің айтуынша, ол мас болған. Марқұмның мүрдесі 24 шілде күні өзеннің төменгі ағысынан, 20 шақырым жерден табылды», - деп хабарлады ТЖД.