24.07.2024, 15:45
Қоғам
Министрлік зейнетақы қорынан тіс емдетуге берілетін бір реттік төлемды алып тастамақ
Балаларды емдеу үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға болады
Фото: Istockphoto
Қазақстандықтарға зейнетақы қорынан тіс емдетуге берілетін бір реттік төлемге уақытша тыйым салынады. Бұл туралы Ашық НҚА порталына Денсаулық сақтау министрлігінің бұйрығының жобасы жарияланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Министрлік 2024 жылғы 10 тамыздан бастап 2025 жылғы 1 ақпанға дейін медициналық ұйымдарда көрсетілетін стоматологиялық қызметтер, атап айтқанда тісті протездеу және имплантациялау қызметіне зейнетақы қорындағы жинақты пайдалануға тоқтау салып отыр.
Алайда балаларды емдеу үшін біржолғы зейнетақы төлемін пайдалануға болады.
Бұйрықтың жобасы 7 тамызға дейін талқыланады.
Көп оқылған
09.10.2026, 09:40
«Медбикелер есінен танып құлап жатты»: экс-министр Ажар Ғиният 1999 жылы Бейнеудегі обаны қалай тоқтатқанын айтып берді
09.10.2026, 12:58
«Инцест – бұл харам»: екі баласы да аутизмге шалдыққан әйел танымал әзілкешке өткір жауап қайтарды (ВИДЕО)
09.10.2026, 10:14
«Военкоматтан келіп тұрмыз»: Астанада үш ер адам айы-күні жақындаған әйелдің күйеуін алып кетпек болған (ВИДЕО)
09.10.2026, 06:19
Дәрігерлер екі жастағы қыздың асқазанынан 250 магнит алып ашықты