Бишімбаевтың інісі Байжанов әлі түрмеге түскен жоқ
Бұл туралы Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі хабарлады
Қуандық Бишімбаевтың марқұм әйелі Салтанат Нүкенованы аса қатігездікпен, қинап өлтіру ісінде бой көрсеткен Бақытжан Байжанов 4 жылға сотталған. Ол әлі Астана қаласының тергеу изоляторында отыр. Бұл ақпаратты Azattyq Rýhy тілшісіне Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі растады.
«Сот үкімімен орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеу тағайындалды. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторында.
Сонымен қатар, қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес сотталғандар тіркеуге сәйкес жазасын өтеу орындарына жіберіледі», - деп хабарлады Қылмыстық атқару жүйесінің баспасөз қызметі.
ҚР ҚИК-нің 93-бабына сәйкес өзге де ақпарат жария етілмейді.
Еске салайық, Қуандық Бишімбаев 8,5 айдан кейін уақытша қамау изоляторынан түрмеге кетті.