«Қазмұнайгаз» еншілес компанияларын басқаратын 4 лауазымды тұлға ұсталды

Azattyq Rýhy

«Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС басшылығы 700 млн теңге жымқырған

«Қазмұнайгаз» еншілес компанияларын басқаратын 4 лауазымды тұлға ұсталды
Фото: Қазмұнайгаз АҚ

Маңғыстау облысында мұнай сервистік компаниялары басшыларын ұстау жалғасуда. Прокурорлық тексеру басталғаннан бері 19 сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бюджет қаражатын жымқыру және талан-таражға салу фактілері бойынша оларды тергеу шеңберінде 8 адам, оның ішінде «Қазмұнайгаз «ҰК» АҚ еншілес компанияларының 4 басшы лауазымындағы тұлғалар ұсталды.

«Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС лауазымды тұлғалары бюджет қаражаты есебінен 700 млн теңгеден астам сомаға мердігер компанияның шығыстарын негізсіз өтеген. Бұдан басқа, мердігерлерге нақты көрсетілмеген көлік қызметтері үшін 2,2 млрд теңге аударылған.

«Аталған бұзушылықтар бойынша 10.07.2024 ж. Қылмыстық кодекстің 189-бабының 4-бөлігі бойынша (аса ірі мөлшерде жымқыру) сотқа дейінгі тергеу басталды», - деп хабарлады прокуратура.

Сондай-ақ, 22 шілдеде «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ еншілес ұйымының 11 млн теңгесін жымқыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

«23.07.2024 ж. «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің бұрынғы басшысы аз. «Т» ұсталды. Қаражатты жымқыру фактісімен ҚК-нің 189-бабымен бұрын басталған сотқа дейінгі тергеп-тексерулер бойынша «Ойл Транспорт Корпорейшн» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінің бастығы, мердігерлік ұйымдардың 2 өкілі ұсталды», - делінген ақпаратта.

Тергеу мүддесі үшін басқа мәліметтер жария етілмейді.

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.