$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
24.07.2024, 09:55
Қоғам

Алматыда 34 үлескерден 290 миллион теңге алған алаяқ ұсталды

Оған қатысты сот үкімі шықты

Алматыда 34 үлескерден 290 миллион теңге алған алаяқ ұсталды
Фото: depositphotos.com

Алматыда үлескерлердің ақшасын иемденген алаяқ сотталды. Ол 34 үлескерден 290 млн теңге алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

2022 жылы «Flora City Stroy» ЖШС директоры К. «instagram», «krisha.kz» әлеуметтік желілерінде құрылыс салуға рұқсат қағазынсыз «Lantana» және «Flora» ТК құрылысының басталуы туралы жарнама берген.

«Одан кейін К. сатып алушыларды алдау және олардың сенімін теріс пайдалану жолымен алдын-ала сатып алу-сату шарттарын жасап, 290 млн теңге мөлшеріндегі 34 үлескердің  ақшасын иеленген. Материалдар сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізу үшін Бостандық ауданының полиция басқармасына жолданды.

Бостандық аудандық сотының 21.06.2024 жылғы үкімімен К. ҚР ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен (аса ірі мөлшердегі алаяқтық) кінәлі деп танылып, 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Алматы қаласының прокуратурасы.

Алынған учаскелер жәбірленушілердің залалын өтеу үшін сатылады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары