23.07.2024, 20:49
Қоғам
«64 млн теңгені жымқырған»: Шымкентте мектептің бас есепшісі сотталды
Сот оны сегіз жылға бас бостандығынан айырды
Фото: istockphoto.com
Шымкентте 64 млн теңгені жымқырған мектептің бас есепшісі сотталды. Бұл туралы Шымкент қалалық сотының баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Іс материалдарына сәйкес, 2021 жылдан 2023 жылға дейін ол өзінің шотына бекітілген жалақысынан асатын сомаларды аударып отырған. Залал 64 295 513 теңгеге бағаланды.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, оған бас бостандығынан айыруға байланысты емес жаза тағайындауды сұрады. Алайда сот оны сегіз жылға соттады.
Сондай-ақ, ол өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан айырылды.
Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.
Көп оқылған
30.09.2026, 16:19
«Жастар осыларды тыңдап, өзгеріп кетті»: Қайрат Нұртастың анасы Роза коучтың ит терісін басына қаптады
30.09.2026, 16:54
Шымкентте әйел адам күйеуінің жүрегіне пышақ сұғып өлтірді (ВИДЕО)
30.09.2026, 09:28
«Емізіп отырып ұйықтап кеткен»: Ақкөлде әйел адам мас күйде сәбиін тұншықтырып өлтіріп алды
30.09.2026, 18:00
«Мен шаршадым...»: Тараздағы мұғалім ұстаздарға психологиялық көмек беретін виртуалды көмекші ойлап тапқан
30.09.2026, 21:19
Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды