$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2024, 15:17
Қоғам

«Қазмұнайгаз» компаниясы жарты миллиард теңге айыппұл төледі

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі заң бұзушылықты анықтады

«Қазмұнайгаз» компаниясы жарты миллиард теңге айыппұл төледі
Фото: Қазмұнайгаз АҚ

«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ мұнай өнімдерін сату саласында монополияға қарсы заңнаманы бұзғаны үшін 539,4 млн теңге айыппұл төледі. Бұл шешім Астана қаласы бойынша бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің басқармасы мен прокуратура органдарының бірлескен тексеруі нәтижесінде қабылданды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі хабарлады.

Акционерлік қоғам 2023 жылдың қаңтар-сәуір айлары аралығында мұнай өнімдерін сатуға берілген өтінімдерді елемеді, ал кейбір жағдайда мұнай өнімдерін өткізу мүмкіндігі бар болған жағдайда жеке сатып алушылармен мұнай өнімдерінің көлемін қысқарту жолымен кемсітушілік жағдайлар жасады.

«Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Департамент ҚР ӘҚБтК 159-бабының 3-1-бөлігі бойынша Акционерлік қоғамға қатысты әкімшілік іс қозғады. Астана қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының 2024 жылғы 27 маусымдағы қаулысымен қоғам 539,4 млн теңге сомаға әкімшілік жауапкершілікке тартылды», - делінген ақпаратта.

Айыппұл толық көлемде төленді.

Серіктес жаңалықтары