$ 503.15  543.3  5.93
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.07.2024, 13:45
Қоғам

Талдықорған қаласы Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары сотталды

Олар жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млрд теңге жымқырған

Талдықорған қаласы Білім бөлімінің лауазымды тұлғалары сотталды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

23 шілдеде Жетісу облысының Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Талдықорған қаласы Білім бөлімінің лауазымды тұлғаларына қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Олар ұйымдасқан қылмыстық топ құрғаны және бюджет қаражатын жымқыру мақсатында қатысқаны үшін сотталды.

«Тұрақты ұйымдасқан қылмыстық топ 2020 жылдың қаңтары мен 2023 жылдың наурызы аралығында Талдықорған қаласының аумағында құқықбұзушылық іс-әрекеттермен айналысты. ҰҚТ қатысушылары білім беру саласында нақты жұмыс істемеген жеке тұлғаларға, сондай-ақ өздерінің жеке шоттарына жалақыны заңсыз аудару арқылы 4,5 млрд теңгеден астам қаражат бөлді.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы 15 жылға, оның қатысушылары 9 жылдан 13 жылға дейін бас бостандығынан айырылды», - деп хабарлады Антикор.

Сотталғандар өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Бұған дейін ұйымдасқан топтың қылмыстық іс-әрекетінің фактілерін жасырғаны үшін Алматы облысы Тексеру комиссиясының мемлекеттік аудиторы М. Ботабеков және Білім бөлімінің басшысы Ж. Жолдыханов сотталған.

Сонымен қатар, Талдықорған қаласы білім бөлімінің және мектептерінің 21 бухгалтері сотталды.

 

Серіктес жаңалықтары