$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
22.07.2024, 21:52
Қоғам

Қонаевта әскери бөлімнен қашып кеткен екі сарбаз 7 тәулікке қамауға алынды

Олар сот үкімімен кінәлі деп танылды

Қонаевта әскери бөлімнен қашып кеткен екі сарбаз 7 тәулікке қамауға алынды
Фото: istockphoto.com

Қонаев қаласында әскери бөлімнен қашып кеткен екі сарбаз жазаланды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында тәртіп бұзған екі сарбазға байланысты әкімшілік іс қаралды.

«Осы жылдың 8 шілдесінде Н. және М. күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жайлы аға сержанттың ауызша бұйрығын қасақана орындамай және сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткені анықталды. Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», - деп хабарлайды облыстық соттан.

Сондай-ақ әскери бөлімде осындай құқық бұзушылықтардың алдын алу және оларда құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында сот актісін жария етуіне Н. және М.-нің қызметтестері шақырылғаны хабарланды.

Серіктес жаңалықтары