Маңғыстау облысында мектеп директоры ұстаздардан тұрақты түрде ақша жинаған
Қылмыстық іс қозғалды
Мұнайлы ауданында «№3 арнайы мектеп» КММ басшылығы ай сайын қарамағындағы қызметкерлерден ақша қаражатын заңсыз жинаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы өңір прокуратурасы хабарлайды.
Мектеп директоры заңсыз ақша жинауды «Kaspi bank» және «Halyk bank» мобильдік қосымшалары арқылы жүзеге асырған.
«Бұдан басқа, формальды бұйрықтар шығару және жеке тұлғаларға артық сыйлықақылар есептеу негізінде ақша қаражатын заңсыз аудару фактілері анықталды. Сондай-ақ, мектеп директоры өз қарамағындағылардан өзіне салынған әкімшілік айыппұлдарды төлеуге мәжбүрлеген», - делінген ақпаратта.
Аталған арнайы мектептің лауазымды тұлғаларына қатысты лауазымдық өкілеттіктерді теріс пайдалану фактісі бойынша ҚК 361-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.