$ 498.34  519.72  4.85
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
21.07.2024, 21:51
Қоғам

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің бас маманы 6 жылға сотталды

Ол бөбекжай балабақшасына жоқ баланы тіркеп, мемлекеттен ақша алып отырған

Түркістан облысында аудандық білім бөлімінің бас маманы 6 жылға сотталды
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық білім бөлімінің бас маманы 6 жылға сотталды. Ол кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын ұйым құрған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy жергілікті Оtyrar.kz-ке сілтеме жасап.

Нақтырақ айтқанда, бөбекжай балабақшасына жоқ баланы тіркеп, мемлекеттен ақша алып отырған. Балабақшаға жеңілдіктер мен артықшылықтар беріп, адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен, алдау жолымен аса ірі мөлшерде бөтеннің мүлкін жымқырған деген күдікке ілінген. Меншікке қарсы және мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік басқару мүдделеріне қарсы сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылықты жасаған.

«Мемлекеттік айыптаушы айыпты қолдап, ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен және ҚК-нің 364-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған түпкілікті 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды, жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіз мекемесінде өтеуді белгілеуді сұраған», - дедіТүркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев

Сотталушы ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен және 364-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, ҚК-нің 58-бабы 1 және 3-бөліктерін қолданып, жазаны түпкілікті өтеуге, мемлекеттік қызметте лауазымдарды атқаруға өмір бойына тыйым салына отырып, 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Ал кәсіпкерлік ұйымды құруға және жұмысын жүргізуге қатысқан екі азаматқа ҚК-нің 28-бабы 5-бөлігі, 190-бабы 4-бөлігі 2-тармағымен көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, ҚК-нің 63-бабын қолданып, тағайындалған бас бостандығынан айыру жазалары шартты деп есептелген.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

«Сот шешімімен сотталушы ҚК-нің 190-бабы 4-бөлігі 2)-тармағымен және ҚК-нің 364-бабы 1-бөлігімен кінәлі деп танып, оған 6 (алты) жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған», - деді Түркістан облыстық сотының баспасөз хатшысы Әсет Серікбаев.

Серіктес жаңалықтары