Қарағандыда мемлекеттік балабақша бюджет қаражатын негізсіз пайдаланған
Лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды
Қарағанды қаласы Әлихан Бөкейхан ауданының прокуратурасы мектепке дейінгі мекемелердің қызметіне кешенді тексеру жүргізіп, мемлекет қаражатын негізсіз пайдалану фактісін анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy құзырлы органның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Тексеру барысында Қарағанды қаласының Білім бөлімінің келу кестесінде 2021 жылдың 30 наурызы мен 2023 жылдың 28 шілдесі аралығында 11 кәмелетке толмаған баланың балабақшаға келуі көрсетілгені, алайда оларды балабақшадан шығару туралы 2023 жылдың 31 мамырында тіркелген өтініштер бар екені анықталды. Бұл бюджеттен 650 551 теңге сомасының негізсіз төленуіне соқтырған», - делінген хабарламада.
Прокуратураның ұсынуы бойынша заң бұзушылықтар жойылып, мемлекет кірісіне 650 551 теңге шығын көлемі өтелді. Лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды.