$ 511.22  540.05  4.73
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
19.07.2024, 21:30
Қоғам

603 мың теңге: оралдық тұрғын нашар жолдар үшін әкімдіктен сот арқылы өтемақы алды

Ол сотта жолдың нашар жағдайына байланысты жол апатына ұшырап, көлігіне зақым келгенін дәлелдеді

603 мың теңге: оралдық тұрғын нашар жолдар үшін әкімдіктен сот арқылы өтемақы алды
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен

Орал қаласының тұрғыны №2 қалалық сотқа материалдық шығынды өтеу туралы талап арызбен жүгінді. Жауапкер ретінде ол ТКШ бөлімін көрсеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Мой город сайтына сілтеме жасап.

Іс материалдарынан белгілі болғандай, Әбілқайыр хан даңғылы мен С.Датов көшелеріндегі жолдың нашар жағдайына байланысты жол-көлік оқиғасы болып, талапкердің көлігіне зақым келген. Көлікті жөндеуге ол қомақты қаражат жұмсаған. Ер адам ТКШ бөлімі өз міндеттерін дұрыс орындамағанын және жолдарды күтіп ұстау талаптарын орындамағанын, бұл апатқа себеп болғанын алға тартты. Автокөлік иесі сотқа жүгініп, жауапкерден 788 мың теңге көлемінде шығынды өндіруді сұрады.

«Сот іс материалдарын зерттей келе, материалдық залалдың себебі жолдарды күтіп ұстау талаптарының бұзылу фактісі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс материалдарымен расталатынын анықтады. Бірақ сарапшының қорытындысына сәйкес, талапкердің автокөлігін жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының құны 603 мың теңгені құрады», - деп хабарлады облыстық сот.

Осыған байланысты сот талапты ішінара қанағаттандырды. Талапкердің пайдасына ТКШ бөлімінен 603 мың теңге материалдық залал және 6 037 теңге мемлекеттік баж төлеу бойынша сот шығындары өндірілді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Орал #сот #әкімдік