$ 518.57  566.59  6.05
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
18.07.2024, 15:57
Қоғам

Қызылордада 385 жасөспірім полиция қолына түсті

24 ата-анаға хаттама толтырылды

Қызылордада 385 жасөспірім полиция қолына түсті
Фото: polisia.kz

Қызылордада «Түнгі қаладағы балалар» іс-шарасы барысында 385 жасөспірім полицияға жеткізілді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Іс-шараның 3 күнінде 361 кәмелетке толмаған балаға әр түрлі әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ал қалған 8 жасөспірім қадағалаусыз және панасыз қалғаны үшін ПД-ға жеткізілген.

«Жүргізілген рейдтердің нәтижесінде ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу және (немесе) оған білім беру, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерді орындамау») бойынша ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді орындамағаны үшін 24 ата-анаға хаттама толтырылды», - деп хабарлады полиция.

Ал ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы («Кәмелетке толмағандардың заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде немесе тұрғынжайдан тыс жерде болуы») бойынша барлығы 346 кәмелетке толмаған бала анықталып, олардың заңды өкілдеріне хаттама рәсімделіп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Серіктес жаңалықтары