17.07.2024, 20:43
Қоғам
Елордалық полицейлер бейнекамера ұрлығын әшкереледі
Ұрланған зат иесіне қайтарылды
Фото: Azattyq Rýhy
Полицияға 33 жастағы елорда тұрғыны «Sony» маркалы бейнекамерасының ұрланғаны туралы арызданған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy қалалық ПД-ға сілтеме жасап.
«Полицейлер жедел іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында кеңсеге емін-еркін кіру арқылы, бейнекамераны ұрлап, ақша өндіріп алу мақсатында ұрланған құрал-жабдықты ломбардқа өткізіп тастаған 27 жастағы азаматты анықтады.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның елорда аумағынада осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде. Ұрланған зат иесіне қайтарылды», - делінген хабарламада.
Көп оқылған
11.10.2026, 08:37
Подъезде ұйықтап қалған: Ақтауда жасөспірімге қатысты тексеріс басталды
Бүгін, 09:31
Алматыда еңгезердей төрт еркек 60-тан асқан ер адамды өлтіріп, үйінен қара пакетпен алып шыққан (ВИДЕО)
11.10.2026, 06:18
«Ақша бопсалаған»: Алматыда екі жасөспірім қаза тапқан төбелеске қатысты сот өтіп жатыр