17.07.2024, 14:50
Қоғам
Ақмола облысында қазақтарға тіл тигізген тұрғынға қатысты іс қозғалды
Әкімшілік іс сотқа жолданды
Фото: видеодан скриншот
Ақмола облысында қазақтарға тіл тигізген тұрғынға қатысты іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Әлеуметтік желіде мас күйінде қазақ ұлтына қатысты жағымсыз сөздер айтып, балағаттаған ер адамның бейнежазбасы тараған. Осыған қатысты облыстық полиция департаменті Ақмола облысының тұрғыны ұсталғанын мәлімдеді.
«Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды. Әкімшілік іс қозғалды. Іс материалдары қарау және тиісті шараларды қабылдау үшін сотқа жолданды», – делінген полиция хабарламасында.
Көп оқылған
13.11.2026, 14:56
Қазақстандық тур компаниялар Меккедегі қазақ қызын алдап, миллиондаған қарызға батырған
13.11.2026, 09:55
Ант қабылдап тұрған сарбаз есінен танып қалды ма: желіде тараған видеоның мән-жайы белгілі болды
