12.07.2024, 18:00
Қоғам
Жезқазғанда көшеде отырған сәбиді автокөлік басып кетті
Оқиға сауда үйінің автотұрағында болған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есен
Жезқазғанда автокөлік жолда ойнап отырған 3 жасар баланы басып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Egovpress телеграм каналында жарияланған жантүршігерлік видеода кішкентай баланы биік, жеңіл көлік үстінен басып өтеді. Хабарламада жүргізушінің баланы байқамай қалғаны айтылады.
Оқиға Жезқазғандағы сауда үйінің автотұрағында болған.
«Баланың денсаулық жағдайы тұрақты. Кеуде қуысы зақымданған, оң жақ өкпесі мен оң иығы жарақаттанған. 11 шілдеде облыстық көпсалалы аурухананың балалар бөлімшесіне ауыстырылды», - деп жауап берді денсаулық сақтау басқармасынан.
Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған фактіге қатысты қылмыстық іс қозғалып, қажетті сараптамалар тағайындалды.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды