$ 504.44  545.65  5.95
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

«Тұрсынбаева екеуіне пластиканы бір адам жасаған»: Мәдина Сәдуақасова хиджаб киіп жұртты таңғалдырды

 Оқырмандары түрлі пікір қалдырған

«Тұрсынбаева екеуіне пластиканы бір адам жасаған»: Мәдина Сәдуақасова хиджаб киіп жұртты таңғалдырды
Фото: әншінің instagram парақшасынан

Әнші Мадина Сәдуақасова қазір отбасымен бірге Қатардың Доха қаласында демалып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Ол өз оқырмандарынан хиджаб киюінің себебін сұраған.

«Таныдыңыздар ма? Біз Катар еліндеміз. Бұл елде осылай киінбесем басқа амал жоқ. Неге деп ойлайсыз? Үш нұсқа айтайын: Катар ең ыстық елдердің бірі; Бұл елдің ережесі осындай ( ашық купальникпен суға түсуге болмайды). Қонақ үйде қазақстандықтар өте көп, купальникпен жүру ұяттау», - деп сұрады ол.

Оқырмандардың басым бөлігі әншіні айтыскер Айнұр Тұсынбаеваға ұқсатқан.

«Айнұр Тұрсынбаева екен деп қалдым. Екеуіңізге пластиканы бір дәрігер жасаған-ау. Қазір қыздардың түрі бір-біріне ұқсайды, пластиканың арқасында бірдей болып барады. Алғашқы суретке қарап Айнұр Тұрсынбаева екен деп қалдым. Қыздар, өз ерекшелігімізді сақтайық. Бір-бірімізге ұқсаудың не қажеті бар. Алла берген түрге шүкіршілік жасап, өзімізге өзіміз ұқсап жүрейікші», - деп жазған олар. 

Серіктес жаңалықтары