10.07.2024, 10:23
Қоғам
Қызылордада қоғамдық орынды ластағаны үшін 2 мың тұрғын жазаланды
Олар әкімшілік жауапкершілікке тартылды
Фото: aqmeshit-aptalygy.kz
Қызылордада қоғамдық орындарды ластаған 2197 азамат анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қызылорда қаласы полиция басқармасының тәртіп сақшылары қоғамдық орындарда, көшелерде жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында рейдтік іс-шараларды тұрақты түрде өткізеді.
«Жедел басқару орталығының бейнекамералары арқылы және жергілікті полиция қызметкерлері жыл басынан бері ортақ пайдаланылатын орындарды ластау дерегі бойынша 2197 тұрғынды анықтап, әкімішілік жауапкершілікке тартты. Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтҚ-нің 434-2 бабының 1-бөлігімен (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) бойынша әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады ПД.
Көп оқылған
09.11.2026, 10:31
«Ит үреді, керуен көшеді»: туған қызын ернінен сүйді деген ер адам ел алдына шықты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды