«Түнімен кезекте тұр»: Астана әкімдігі ашуланған ата-аналар тобына жауап берді
8 жаңа мектепке баланы қабылдау үшін электронды құжат жүктеу қолға алынды
11 шілдеде Smart Notion құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған порталы іске қосылады. Бұл туралы Астана әкімдігі мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Астанада балаларды «Жайлы мектеп» жобасы бойынша салынған жаңа оқу орындарына қабылдау үшін құжат қабылдау басталды. Ата-аналар орын алып үлгеруі үшін түннен бастап кезекке тұруға мәжбүр болған. Елордалық №71 мектептің алдында, тіпті, балаларының құжатын тапсырып үлгеру үшін ата-аналар түннен бастап кезекке тұрған.
Астаналықтардың шағымына әкімдік жауап берді. ЕGov арқылы тек баланы бірінші сыныпқа қабылдауға болады.
Ал баланы басқа мектепке ауыстыру автоматтандырылмаған. Енді Smart Notion құжаттарды қабылдаудың автоматтандырылған порталы іске қосылады.