Талдықорғандық мектеп оқушысы бірден бес америкалық оқу орнына қабылданды
Басқа да түлектер шетелде оқуға шақырту алды
Талдықорғандық мектеп оқушысы Ерасыл Дәулетбақ АҚШ университеттері мен колледждерінен бес бірдей шақырту алды. Олардың қатарында Арлингтондағы Техас университеті, Техастың Оңтүстік методист университеті, Ричланд қауымдастық колледжі, Брукхавен колледжі және Даллас Каунти Коллин колледжі бар, деп хабарлайды Tinfo.kz.
«Ерасыл Дәулетбақ - Талдықорған НЗМ-нің 12-сынып оқушысы. Ол информатика пәнін оқуды жоспарлап отыр. Бағдарламалау тілі оған әрқашан қызықты болды. Сайттарды, мобильді қосымшаларды, компьютерлік графика мен дизайнды құрудың алғашқы негіздері оның осы салада дамуына түрткі болды», - делінген ақпаратта.
Мектептің баспасөз қызметі америкалық «Pace University» университеті тағы екі студентті - Ернар Өмірзақов пен Әлима Батырханды да қуантты деп атап өтті. Олар оқу ақысына 50% жеңілдікпен университеттің қаржылық көмегіне ие болды.
PACE университеті - Америка орталығы - Нью-Йоркте орналасқан әйгілі және беделді университет. Бүгінгі таңда мұнда әлемнің әр түкпірінен 13000-нан астам адам білім алуда.
Ал Әйгерім Тәңірбергеноваға Гонконг қалалық университетінен шақыру хат келді. Әйгерім биотехнология немесе биоинженерия саласында оқуға ниетті. Әйгерімнің таңдауы айқын, өйткені ол биология саласындағы көптеген ғылыми жобалардың жеңімпазы.